Сәрсенбі, 15 қаңтар, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Баға қайда кетіп барасың деп жыламсырайтын жағдайға жеттік – Ерлан Саиров

15.01.2025

88 0

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға коммуналдық қызметтердің, азық-түліктің қымбаттап кеткенін айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің барлық реформаларымыз азаматтардың өмір деңгейі мен сапасын арттыру үшін жасалады» – деп әрдайым айтып келеді. Алайда, Үкіметтің жасап жатқан шараларына қарамастан,  халқымыздың әл-ауқаты артар емес. Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жан басына шаққандағы кіріс 112-мың теңге құрайды, оның 98-мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді. Мысалы, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, күріштің бағасы 31,3-пайызға, жұмыртқа 16,9-пайызға, сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12 пайызға өскен, – дейді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа келсек, коммуналдық қызметтер орташа алғанда 25-пайызға қымбаттаған. Бұл жағдай азаматтардың шығынын арттырып, кірістерін төмендетіп жібергендігі анық.

«Баға қайда кетіп барасың» деп жыламсырайтын жағдайға де жеттік! Ал еліміздегі ең төменгі төлем екі жыл болды 85-мың теңгеден көтерілмей тұр. Халықаралық турбуленттілікке, ірі экономикалардың өзара «сауда соғыстары» мен тарифтік шиеленістеріне байланысты  биыл Қазақстанның да экономикалық көрсеткіштері баяулап, әсіресе импорттық тауарлардың бағасы одан әрі өсу ықтималдылығы зор. Халықаралық жағдайдың күрделіленуіне байланысты дүниежүзі экономикасы да тұрақсызданатындығы сөзсіз!, – дейді Ерлан Саиров.

Осы ретте депутат Үкіметтен шұғыл шаралар қабылдауды талап етті:

  • Ең төменгі төлемді индексация жасау;
  • Жұмыссыздықтан сақтандыру сомасын арттыру арқылы  ең төмен жалақы алатын адамдардың сақтандыру жүйесін жетілдіру
  • Өңірлік әкімдіктер жергілікті тұрғындарға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды қолға алуы тиіс.
  • Әкімдер өңірлік ауыл шаруашылық өнімдерін жергілікті нарыққа қажетті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет.
  • Ауыл шаруашылық өнімдеріне берілетін мемлекеттік төлемдерді уақытылы әрі қажетті сомада толық төленуін қамтамасыз ету қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: