Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Баға тұрақтылығы үшін тиісті шаралар қабылдануда

02.02.2022

1069 0

Биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту үшін облыс әкімдігінің қаулысы әзірленуде. Оған маңызы бар азық-түліктің 19 түрі енгізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Жалпы аймақтағы сауда орындарында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, өнімдердің тапшылығы байқалмайды. Облыста бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. Ол үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1396,9 тонна өнім бар.

«Сондай-ақ, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеудің тағы бір тиімді шаралары ретінде «айналым» схемасы бойынша кәсіпкерлерге заем беру тәсілі кеңінен пайдаланылуда. Бүгінгі күні «айналым схемасы» бойынша 973 млн. теңге заем 19 кәсіпкерлік субъектілеріне берілді. Заем алған кәсіпкерлер 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қалада орналасқан 36 әлеуметтік дүкенде және қосымша 14 ірі супермаркетте келісім негізінде ашылған әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада жеткізіп, сатуда», – деді Талғат Тұрсынұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: