Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бағаны ұстап тұру мүмкін бе?

29.03.2022

1658 0

Баға күн сайын қымбаттап жатыр. Сатушыға да сылтау көп. «Доллар қымбаттады» деген желеумен бағаны қолдан қымбаттатуға ықыласты екені сөзсіз. Үкімет бағаны негізсіз өсірмейміз дегенмен, базардағы баға бағынар емес.

Жуырда Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір апта ішінде 1,7 процентке өскені айтыл­ды. Бір апта ішінде қырыққабат – 11%, пияз – 9,3%, қант – 6,3%, картоп – 4,7%, сәбіз – 3,3%, тауық жұмыртқасы – 1,7%-ке қымбаттаған.

Бұған дейін Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік бағаларының үстемесін 15 проценттен 10 процентке түсіруге тап­сырма берген еді. Алайда, базардағы нарық бағынбай тұр.  Мониторингтік топтың тексеру нә­тижесінде бүгінде үстеме баға қантқа 40%, күнбағыс майына 35%, көкөніс 25%-ке дейін қосылғаны анықталған.

Биылғы жылдың 24 наурызындағы мәлімет бойынша елде 1,1 млн тоннаны құрайтын азық-түлік қоры қалыптасқан. Атап айтқанда, картоп қоры 380 мың тоннаны құрайды, ерте егін болжамы 170 мың тоннадан асады, 32 мың тонна қырыққабат сақталуда. Бүгінгі таңда қант қоры 34,5 мың тоннаны құрайды (елдің орташа жылдық қажеттілігі – шамамен 44 мың тонна), оған қоса кейін өңделетін 30 мың тонна қант шикізаты бар.

Ал аймақтың тұрақтандыру қорында 1441,2 тонна өнім қоры бар. Биыл облыстық бюджеттен 800 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Тұрақтандыру қоры басқармасы төрағасы Талғат Бекішовтің брифингте берген ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда тұрақтандыру қорында барлық азық-түлік тауарлары жеткілікті. Бүгінде 85 тонна сәбіз және 50 тонна қырыққабат, 220 тонна өсімдік майы, 204 тонна қарақұмық жармасы, 204 тонна бірінші сортты ұн сатып алынды. Ұн бағасын тұрақтандыру үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ мекемесімен арзандатылған бидай алуға меморандум жасалып, бірінші сортты бидай ұнын 125 теңгеден сатып алуға келісім шарт жасалған.

Баға жайы жоғарыдан бастап талай жиналыстар мен басқосуларға арқау бо­лып, талқыланғанмен, базар нарқы әзірге ешкімге бағынар емес.

Г.МАҒЛҰМҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: