Kyzylorda-news.kz. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз байланыс үшін операторға тиісті жауапкершілік жүктелетінін, осы орайда абоненттердің шығындарын өтеу тетігі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Яғни, егер қызмет ұнамаса, сапасы төмен екені анықталса, төлеген ақшасын қайтарып алу құқығын заңнамаға енгізуді ұсынып отырмыз», – деді Б. Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Осы орайда ол бұл басталамалар Парламент депутаттарымен бірге талқыланатынын, сондай-ақ 2023 жылы бұл нормаларды заңнамаға енгізу керек екенін айтты.
«Жаңа аудандарды, шағын аудандарды салуды жоспарлау кезінде базалық станциялар мен байланыс тіректерін орнату үшін аумақтарды резервтеу жөнінде талап қою керек. Осыған байланысты «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер дайындалды. Бұл аталған радиофобия проблемасына қатысты болып тұр», – деді министр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!