“Жігіттер” квартетінің әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов отбасыдағы жанжалға қатысты пікір білдіремін деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі еркектердің жолы болмайтынына әйелдер қауымын айыптай сөйлеген.
“Еркекті банкрот құртпайды, арақ құртпайды. Еркекті құмар ойын, төбелес құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар. Еркекті құртатын ол үйіндегі әйелі. Шынымен айтамын. Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын. Үйіңдегі келіншегіңмен ұрысып, таласқаннан гөрі көшеге шығып, жатып алып біреумен төбелескенің жақсы. Еркектің сағын сындыратын тек әйел кісі ғана. Қалған сынаққа еркек шыдай береді”, – деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің пікірімен келіспейтіндерін жарыса жазып жатыр.
“Сенің ойынқұмар болғаныңа әйелің кінәлі екен ғой”, “Үй жақтағы алқаш адамның сөзі”, “Кез келген сәтсіздікке әйелді кінәлай беріп шаршаттыңдар”, “Әйелі жоқ құрып кеткен еркектерді кім құртты екен?!”, “Еркекті өзінің ессіздігі құртады”, “Әйел сендерге жақсы сылтау болған”, – деп жазды оқырман қауым.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!