Сенбі, 16 қараша, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Баян Алагөзова қызына не үшін Алиса есімін бергенін түсіндірді

14.08.2024

215 0

Продюсер Баян Алагөзова жақында дүниеге келген үшінші қызына Алиса деген есім беруінің себебін түсіндірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол бала кезде «Алиса ғажайыптар елінде» мультфильмін көріп, керемет әсер алғанын, одан кейін болашақта қызына Алиса деп ат қоюға өзіне уәде бергенін айтады. Продюсер сол арманына 50 жасында жеткенін атап өтті.

«Тұңғыш қызым дүниеге келгенде, қазақпыз ғой, бірінші баланың есімін ата-анамыз қою керек болды. Алайда мен біздегі бұл дәстүрді түсінбеймін. Ол сенің балаң, сондықтан қандай есім беру керегін өзің шешуің керек. Бірақ бізде олай емес. Одан кейін Айару дүниеге келгенде де оның атын Алиса деп қойғым келіп еді, бірақ мені ешкім қолдамады. Маған бәрі «Немене, қазақтың аты емес, қайдағы Алиса?» деді. Сондықтан ата-анамыздың сөзіне құлақ астым, себебі олар оған қызғанышпен қарады. Қазірдің өзінде анама бұл есім ұнамайды. Бірақ мен 50 жастамын. Әйтеуір енді өзім осыны орындадым. …Қазір өзім қалаған есімді қоюға толық құқығым бар», – деді ол.

Продюсер сегіз жыл бұрын күйеуі Тұрсын Алагөзовке болашақта қызын Алиса деп атағысы келетінін айтқан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: