Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Баяндама оқылмаған кездесу

17.05.2022

1074 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауында жергілікті билік өкілдерінің ашық түрде елмен кездесу қажеттігін атап өткен болатын. Президент: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», – деп атап өткен болатын.

Кеше қала әкімі Асылбек Шәменов Тасбөгет кенті тұрғын­дарымен кездесті. Кездесуде кент­ішілік әлеуметтік мәселер тал­қыланып, оның шешілу жолдарын қарастырды. Халықпен кездесуге шаһар басшысымен бірге қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев қатысты.

– Тасбөгет кенті маған бөтен емес. Мұндағы әрбір мәселе ұдайы назарымда. Енді тұрақты түрде тоқсан сайын сіздермен кездесіп тұрамын. Жаңа Қазақстанды құру жолында елмен етене араласып, халыққа қажетті шаралардың барлығы жасалады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жұмыстар жасалып жатқаны ел­дің назарында. Оның ішінде «Өңірлерді дамыту 2020-2025» және «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ламалары барысында кентке ауыз су тарту, жол жөндеу, көше шамдарын орналастыру мәсе­лері ретімен іске асырылуда. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында арнайы жобалар қаржы­­ландырылып, басқа да қа­жетті шаралар қолға алынуда. Мұ­ның барлығы – ел әлеуетін арт­тырудағы жоспарлы жұмыстар. Өн­дірісі өркендеген өңірдің кемел ке­ле­шегі бұдан да жақсара түспек. Сол жарқын жолда халықпен бір­лесе жұмыс істеуБұл жолғы халықпен кездесу форматы әдеттегідей ұзын-сонар баяндама, санамаласа саусақ шар­шайтын сандар жиынтығымен жал­ғасқан жоқ. Билік пен бұқара ара­сында ашық диалог орнады.

Тасбөгеттің байырғы тұрғыны Жеңіс Сүлейменов кент ішінде небары екі аялдама бар екенін айта келіп, мектеп оқушылары қысы-жазы талдың саясында автобус кү­тетінін жеткізіп, кентке аялдама салынса деген ұсынысын айтты.Шаһар басшысы бұл мәселе жақын күні оң шешімін табатынын айтып, назарында ұстайтынын жеткізді.

Тасбөгеттіктердің әкім назарына ұсынған тағы бір түйткілді мәсе­лесі каналды тазалау мен кент ор­талығындағы апаттық жағдайда деп танылған көпқабатты тұрғын үй мәселесі болды.

– Тасбөгетке қарасты Сабалақ сая­жайында тұрамыз. Онда тұрғын­дар­дың бас ауруына айналған басты мәселе – қоғамдық көлік пен ауыз су. Осы екеуі шешімін тапса нұр үс­тіне нұр болар еді. Ол жерде де қаншама халық тұрып жатыр. Осыны назарыңызға алсаңыз, – деді Айгерім Бақыт есімді Сабалақ саяжайының тұрғыны.

Бұл сауалға қала әкімі жақында қалаға 150 автобус келетінін айтып, күзге таяу қоғамдық көлік мәсе­лесі оң шешімін табатынын жет­кізді. Содан соң тұрғын үй жайы халыққа өз реттілігімен кезек бойын­ша берілетінін түсіндірді. Ал аяқ су мәселесін кент әкімі Семсер Сыздықовқа қатаң түрде тапсырып, үш күннің ішінде есебін сұрайтынын жеткізді.

– Елдің ұсынысымен, пікірімен санасып жұмыс істелу керек. Сонда ғана ол өз нәтижесін береді деп есеп­теймін. Ел арасындағы аз-кем мә­селелер  кәсіпкерлер мен мекемелер­мен бірге, ұйымшылдықпен шешілу керек. Айтылған ұсыныстарға орай өзім арнайы тапсырма беріп, оның орындалу барысын қада­ғалаймын, – деді қала әкімі.

Т.БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: