Адамзаттың аспанға алғаш қадам жасаған киелі мекен – Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағына 70 жыл толды!
2 маусымда тарихи мереке кең көлемді мерекелік іс-шаралармен бастау алды.
Мерейтой аясында майдангерлерге, интернационалист жауынгерлерге және Байқоңырдың дамуына үлес қосқан ардагерлерге тағзым ретінде ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, «Роскосмос» корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин құттықтау сөз сөйлеп, Байқоңырдың екі ел үшін де стратегиялық маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, ашық аспан астындағы музейдің ресми ашылуы өтті. Экспозицияда зымыран үлгілері, ғарыштық техника, жерүсті құрылғылар мен тарихи жәдігерлер қойылған. Бұл – келушілерге отандық және әлемдік ғарыш тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік беретін ерекше мәдени кеңістік.
Байқоңыр – бұл тек ғарыштың қақпасы ғана емес, ғылым мен ынтымақтастықтың символы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!