Байқоңыр қаласына арнайы сапармен барған Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы қала орталығында бой көтеретін тұңғыш мешіттің қазығын қақты.
Салтанатты шараға Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Волков Сергей Андреевич, Ақай ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Қыпшақбайұлы Жақсылық, Байқоңыр қаласының ардагері Қарасай Нуров, «Асыл қолдау» қоғамдық қорының құрылтайшысы Асылхан Аманханұлы және құрметті азамат Демесинов Мырзабек қатысты.
Шара барысында құрбан шалынып, ата-баба рухына Құран бағышталды, игі бастамаға ақсақалдар ақ батасын берді.
Айта кетейік, аталмыш мешіттің құрылысына «Асыл қолдау» қоғамдық қоры демеушілік көрсететін болады. Екі қабаттан тұратын жаңа құлшылық үйі 800 адамға лайықталып жобаланған. Сондай-ақ айналасын серуен саябағымен және субұрқақтармен көркейтіп, ас беруге арналған асхана, балалар ойын алаңын да салу жоспарланған.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!