Жұма, 13 маусым, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Бала еңбегін заңсыз пайдалану – бүгінгі қоғамда әлі де өзекті мәселе

12.06.2025

133 0

Өкінішке орай, бала еңбегін қанау проблемасы бүкіл әлемде орын алуда. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады…

Балалардың құқығын шектемеу, бала еңбегін қанауға жол бермеу керек екендігін әрбір ата-ана сезінуі тиіс. Әрине, бұл бағытта мемлекет тарапынан да кешенді жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын 1-12 маусым аралығында республикалық «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты онкүндігі жүргізіліп отыр. Осыған орай Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау мақсатында білім, жұмыспен қамту орталығының мамандарынан құрылған топ рейд жұмыстарын жүргізуде. Қуанарлығы, нәтижеде ешқандай заңсыз жұмыс жасап жатырған мектеп оқушылары анықталған жоқ. Онкүндік аясындағы бақылау жұмыстар жалғасын табады.

А.Ерназарова,

Қызылорда КПБ ЖПҚб

ЮПб учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: