Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бала шотына ақша аудару тұрмыстың жақсаруы мен ажырасудың азаюына тікелей әсер етеді – саясаттанушы

01.09.2022

934 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отыратынын мәлімдеді. Осы бастамаға қатысты пікір білдірген саясаттануышы Самат Нұртаза, бұл жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ажырасудың азаюына септігін тигізетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға төлеу қажет деген бастама орынды. Қазақстанда жастардың көбі үйсіз-күйсіз. Бұл бастама, менің ойымша, жастардың баспаналы болуына үлкен дүмпу болайын деп тұр. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы мен ажырасудың азаюына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы шиеленіскен үрдістерді азайтады», – деді Самат Нұртаза.

Бұдан өзге, саясаттанушы Жолдауда көтерілген жолдардың сапасын арттыру бастамасы – экономиканың дамуына серпін беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы атаған әлеуметтік мәселенің бірі – 2025 жылға дейін 95 пайыз автожол жөнделеді. Жолдың мәселесін бір адамдай сезініп жүрміз. Тас жолдар жөнделсе, жаңасы салынса, экономика қарқынды дамиды. Ол – артерия. Себебі, барлық сауда-саттық, ішкі тасымал дәл осы тас жолдарға байланысты болып отыр», – деп пікір білдірді саясаттанушы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: