Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бала тілі – бал

05.04.2022

1736 0

Жазықсыз оқушы

Оқушы мұғалімге:

– Кез келген адамды ол істемеген нәрсе үшін жазалауға бола ма?

– Әлбетте, болмайды!

– Рас па?

– Рас.

– Онда мен үй тапсырмасын орындамадым.

Ақылды бала

Кішкентай бала жүгіріп келіп:

– Апа, апа қайнап жатқан қазанның ішіне тышқан түсіп кетті, – депті. Апасы шошып кетіп:

– Алып тастадың ба? Күйіп қалмадаың ба? Не істедің? – десе, баласы:

– Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, – депті.

100 теңге

Үйіне жүгіріп кірген бала анасына:

– Анашым 100 теңге бересіз бе? – дейді.

– Оны қайтесің балам?

– Бір кәрі апаға берейін деп едім.

– Өй жарайсың балам! Дұрыс, қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде?

– Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.

Жаман әдет

Бір кішкентай қыз басбармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:

– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жары­ласың, – дейді.

Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз бұл әдетін тоқтатады. Бір күні үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:

– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, қолыңызда мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.

Жалқау

Баяғыда екі жалқау болыпты, жал­қаулықтары соншалық, тіпті еріндерін қимылдатуға да ерінеді екен. Күндердің күні екеуі алма ағашының түбіне жатып, жатқанда, бірінің көзі көк алмаға түсіп:

– Алма піс, аузыма түс! – депті. Сонда екінші оған:

– Ерінбей-жалықпай соны қалай айт­тың? – депті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: