Сәрсенбі, 20 қараша, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Балабақша қызметкері бүлдіршінді ұрып соққан

23.09.2023

753 0

Фото: Бейнеден алынды

Түркістан облысының полицейлері балабақшадағы бүлдіршінге зорлық-зомбылық көрсеткен видеоны зерттеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Түркістан облысы Келес ауданындағы балабақшалардың бірінде түсірілген видео тараған еді. Кадрда тәрбиешінің немесе оның көмекшісінің жас балаға дөрекі әрекет жасаған сәті түсірілген. Бір фрагментте әйел нәрестені ұрып, артқа қарай құлатады, екінші кадрда баланы ұрады.

Полиция Түркістан облысы Келес ауданының тұрғынының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Баланың анасы балабақша тәрбиешісі екі жасар ұлын ұрғанын айтты.

«Аталмыш факті ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның бейнежазбасы заттай айғақ ретінде алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады аудандық полициядан.

Ресми мәлімет бойынша, бұл факті бойынша тергеу Түркістан облысы ІІД басшылығының жеке бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: