Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада тәрбиешілер балалардың қолын күйдіріп, тұншықтырған

07.06.2024

522 0

Сурет:видеодан кадр

14 мамыр күні Жетісу облысы Жаркент қаласындағы «Жаскент» жекеменшік балабақшасында тәрбиешілер мен бала күтушілер бүлдіршіндерге қатыгездік танытып, оларды ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналар тәрбиешілердің балаларды қамап, қолын күйдіріп, тіпті тұншықтырып ұйықтатқанын айтты.

“Ұйықтап тұрғаннан кейін бұтында бір памперспен санузелге қызымды 40 минутқа қамап қояды. Қызым ана жерде жылап жатыр. Балаларды тұрғызып, төсектерін жинап, бәрін реттеген соң ғана қызымды шығарады. Памперсін ауыстырған кезде ұрып, қызым басын соғып алады. 10 мамыр күнгі видео жазбада шашынан жұлып, аузына қасықпен тамақты тыққан. Бәрі ұйықтайтын кезде, менің қызым ұйықтамай жылап отырғанда, бетінен ұрып, тұншықтырған”, – дейді ата-ана Гүлназ Шәймерденова.

“Балам қарны ашқаннан ба, тәрбиешінің тамақты құйып  жатқанына жай қарап тұрған. Гүлмира (тәрбиеші) баланы өзіне тартып, тамақ құйып жатқан ожаумен қолын күйдірді. Ешкім тексерген жоқ, әр тәрбиеші өз білгенін істеген ғой. Видеоларды қарасаңыз, балаларға ойыншық бермейді, олар кілемнің үстінде жай жатады, тек мультфильм қосып қояды”, – деді Зарина Аликеева

Ал тағы бір ата-ана тілі шықпаған баласын төсекке лақтырып жатқызып, тұншықтырғанын айтады.

“Тып-тыныш соскасын сорып, теледидар көріп отырған жерінен шапалақпен шарт еткізгенін көрдім. Балаларды ұйықтататын кезде де, оларды төсекке лақтырып, киімдерін жұлқып шешіп, көрпені бетіне толық жауып тастаған. Ол тұншығып жатыр ма, талып қалды ма білмеймін”, – дейді Ләззат Сәрсебекова

Ал балаларды ұрған тәрбиеші Гүлмира Жұманова бұл әрекетке бала саны көп болғандықтан барғанын айтты.

“Мына жерде халық тек мені қаралап жатыр. Бұл жерде тек менің емес, балабақшаның да кінәсі бар. Бізді дұрыс қадағалап, топтарды аралап балалардың денсаулығын маған табыстаса, бір жағыма шығып көмектессе, мұндай жағдайға жетпес пе едік. Бала саны өте көп. Бізге көмек көрсетілсе, қосымша адамдар берілсе… Мен өзімді ақтамаймын, бірақ қажет жағдай жасалса, мұндай деңгейге жетпес едік…” – дейді Гүлмира Жұманова. 

Ал балабақшаның құрылтайшысы Көлшібаева Тұрсын Нұрмахамбетқызы екен. Оның меншігінде 6 бөбекжай бар. Сол үшін мемлекеттен ай сайын 13 миллионға жуық ақша алады. Алайда оның қарамағындағы балабақшаларды тексеруге ешкімнің тісі батпайтын көрінеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: