Әлеуметтік желіде Ақтаудағы балабақшалардың бірінде еденде ұйықтап жатқан бүлдіршіндердің фотосы тараған. Жарияланған фото желіде қызу талқыға түсті. Мекеме басшылығы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтаудағы «Бесата» жекеменшік балабақшасында түсірілген фотода балалар еденде ұйықтап жатқанын көруге болады. Аталған фото журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған. Басылымның «Бесата» балабақшасының басшылығына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл фотоларды мекеменің беделін түсіру мақсатында бұрынғы қызметкер жіберген. «Барлық балаларға да төсек-орын қарастырылған, бірақ кей балалар оған жатқысы келмейді, ал ата-аналары бұдан хабардар және қарсылық білдірмейді. Сонымен қатар еденде кілем бар, оның үстіне қасында матрац пен көрпе жатады», – деп жазады басылым балабақша басшылығына сілтеме жасап.
Сондай-ақ балабақша басшылығы заңгер жалдап, фотоны жіберген адамды сотқа беруді жоспарлап жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!