Дүйсенбі, 13 қаңтар, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Балабақшада балаларға таратылған ботқадан құрт шықты

13.01.2025

119 0

Stan.kz

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы балабақшада балаларға таратылған ботқадан құрт шықты. Әлеуметтік желіде тараған видеода балалардың тәрелкесіне салынған ботқада жыбырлап жүрген жәндікті көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Қазір Қандыағаш қаласындағы «Самал» бөбекжай-бақшасының меңгерушісінен бастап, аспаз, жауапты мейірбикеге дейін түсініктеме жазып жатыр. Сұлы ботқасындағы құрттарды бірінші болып тәрбиешілер көрген.

Видеодан “Міне, қоңыз, міне, тарақан ба? Көрсетейін деп келе жатырмын” деген дауыс естіледі.  “Балаларымызға осындай тамақ беріп жатқаны не сұмдық? Бұл мазақ емес пе? Ұялмай-ақ ақшаны көбейтіп отыр. Ал біз құрттаған тамақ үшін төлеп отырмыз ба?” деп жағдайға қатысты шара қолдануды сұраған.

Оқиға 13 қаңтарда сағат 09:00-де таңғы ас кезінде анықталды.  Жыбырлаған жәндік балаларға таратылған сұлы ботқасынан шыққан. Оқиғаны Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы растады. Қазір аталған балабақшада жүргенін, тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

“Тамақ пісіру кезінде бөбекжай-бақша мейірбекесі Кәмшат Сәрсенова дайындалып жатқан тамақтан сынама алған. Алайда ешқандай құрт не жәндіктер болмағанын айтып отыр. Таңғы ас алғашқы 2 топқа таратылған кезде құрттарды тәрбиеші көріп,  сол жерде таңғы ас беруді тоқтатқан. Сұлы жармасы бөбекжай-бақшаға қараша айында әкелінген.  Жарамдылық мерзімі 18 ай. ҚазірМұғалжар аудандық білім бөлімінің тарапынан қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша жауапты тұлғалар мен қызметкерлер тиісті жауапкершілікке тартылады”, – деді Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Қуанышұлы.

Айта кетейік, Қандыағаш қаласындағы «Самал» бөбекжай-бақшасы 320 балаға арналған. Онда 210 тәрбиеленуші бар. Тамақты жеке кәсіпкер Қанат Айбосыновтың тасымалдағаны белгілі болды. Аудандық білім бөлімінің басшысы оқиға болған балабақша қызметкерлерінен түсініктеме алынып, тиісті шара қолданылатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: