Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада бүлдіршін терезеден құлады

26.07.2023

464 0

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында баланы дұрыс қарамаған тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 шілдеде Алтай қаласының балабақшасында түскі ұйқы кезінде бала терезеден құлаған. Ересектердің қарауынсыз қалып, құлаған бүлдіршін жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысының білім беру бөлімі тексерістен кейін тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.

«Түскі ұйқы кезінде тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін сыртқа шығып кеткен. Осы кезде топта бөлмені тазалайтын тәрбиешінің көмекшісі болды. Өкінішке қарай, қызметкер баланың оянғанын және дәретханаға өздігінен барғанын естімей қалған. Нәтижесінде жазатайым оқиға болды. Өзінің еңбек міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Тәрбиешінің көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды», – деді Алтай ауданының білім бөлімі басшысының м. а. Ольга Рогожина.

Бала құлағаннан кейін бір апта ауруханада болды. Дәрігерлер нәрестеге іштің көгеруін анықтады. Зардап шеккен баланың ата-анасы балабақшаға ешқандай шағым жоқ екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: