Бейсенбі, 03 шiлде, 07:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Балабақшаның тасымал көлігі апатқа ұшырады

02.07.2025

111 0

Фото: gov.kz

Қызылорда қаласында жеке балабақша тәрбиеленушілері мінген көлік қоғамдық көлікпен соқтығысты. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлайды, – деп жазды Syrboyi.kz ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға кеше, яғни 1 шілде күні таңғы сағат 8-ге таман болған. Балалар мінген көлік балабақшаның тасымал көлігі емес. Оны балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін маманның жолдасы басқарған. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан тәрбиеленушілер ауыр халде балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Олардың бірі аппаратқа қосылған, енді бірі реанимация бөлімінде бақылауда. Жеке көлік жүргізушісі облыстық көпбейінді аурухананың травмотология бөлімінде жатыр. Тәрбиешінің көмекшісі осы аурухананың жансақтау бөлімінде, – делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында. 

Аталған ведомство өкілдері жеке балабақшаға жоспардан тыс мониторинг жүргізіліп, тиісті шара қабылданатынын атап өтті. 

Жол апатына байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. 

– Адамдардың денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысымен тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – делінген полиция хабарламасында. 

Тәртіп сақшылары осы орайда жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: