Сенбі, 22 қараша, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Балаға қауіп төнді: соңғы сәтте құтқарылды

22.11.2025

40 0

Сурет: freepik

Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері құлыпталған пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 қызметіне Қарағанды қаласы, Ержанова көшесіндегі пәтерлердің біріндегі 2015 жыл туған баласына анасы хабарласа алмағандықтан алаңдап, есікті аша алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Анасының айтуынша, ол дүкенге шығып кеткен, үйге оралғанда кілті болмағандықтан қайта ішке кіре алмаған. Ал пәтердегі бала үн қатпаған.

«Оқиға орнына тез арада ТЖМ қызметкерлері келіп жетті. Арнайы құрал-жабдықтардың және альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, құтқарушылар үйдің төбесіне көтеріліп, құтқару арқанымен балконға түсу арқылы пәтерге кірді. Құтқарушылардың жылдам әрекетінің арқасында бәрі сәтті аяқталды. Баланың ұйықтап жатқаны белгілі болды», делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: