Жұма, 22 тамыз, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Балалар арасындағы буллинг туралы «Жұпар жүрек» фильмі көрерменге жол тартпақ

22.08.2025

56 0

21-28 тамыз аралығында барлық «Kinopark» кинотеатрлар желісінде балалар арасындағы буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін арқау еткен «Жұпар жүрек» әлеуметтік фильмі көрермен назарына ұсынылуда. Көрсетілім «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Картинаның атқарушы продюсері, қоғам белсендісі Арман Боранбаевтың айтуынша, туындыда нақты бір қала көрсетілмеген. Алайда осындай жағдай кез келген ортада, кез келген қоғамда орын алуы мүмкін. Жаңа туындының басты мақсаты – отбасылық және қоғамдық жауапкершілікті арттыру, көрерменге ой салу.

«Бұл – жай ғана фильм емес, балалық шақтағы психологиялық күйзелістің ересек адамның тағдырына қалай әсер ететінін көрсететін шынайы көрініс. Біз осы туынды арқылы қоғамда жиі кездесетін, алайда ашып айта бермейтін мәселелерге назар аударғымыз келді», – деді ол.

Жабық көрсетілімге партия мүшелері, белсенді жастар, мұғалімдер және ата-аналар қатысып, фильмнен кейін пікір алмасты.

«Жұпар жүрек» – үнсіз қалған, көмекке зәру адамдардың тағдыры бейнеленген фильм. Әр баланың амандығы – қоғамның басты құндылығы. Біз олардың үнін естіп, жанын түсінуіміз керек», – деді «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: