Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар ауруханасының есепшісі мемлекет ақшасын құмар ойынға салған

14.01.2023

769 0

Тергеуді жүргізген Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаменті есепшінің бюджет қаражатын бір жылдан аса уақыт көлемінде құмар ойынға жұмсап келгенін мәлімдеді. Ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, арықарай букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған. Қазір 1995 жылғы ер адам қамауда отыр. 28 жастағы айыпталушы кінәсін толықтай мойындады.

«Балалар ауруханасының айлық жалақы жөніндегі есепшісі 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың тамызына дейін аурухана қызметкерлерінің жалақысына, зейнетақы жарналарына және дәрі-дәрмекке қарастырылған қаражатты жүйелі түрде банктегі есепшоты арқылы аударып алып отырғаны анықталды. Жалпы, бір жылдан аса уақыт көлемінде аударған сомасы – 116 млн теңге. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді

Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

Айта кетейік, осыдан тура үш ай бұрын Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері бірнеше айдан бері зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналардың аударылмай жатқанына шағымданған болатын. Олардың бірі мұны несие рәсімдеуге, енді бірі ауруханаға емделуге барғанда кездейсоқ біліп қалған. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы медицина қызметкерлеріне міндетті төлемдердің толық төленгенін жеткізді. Ал, есепшінің ісі қазір сотта қаралып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: