Дүйсенбі, 21 шiлде, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53, 2166
19.07.2025
PDF мұрағаты

Балалар бассейннен уланған

21.07.2025

62 0

Фото: pixabay. сom

Атырауда 13 шілдеде хлордан жаппай улану орын алған «Пальма» аквапаркінің директоры ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 20 шілдеде «Ақ Жайық» газеті жазды.

Қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оқиға танымал отбасылық демалыс орындарының бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, 15-тен астам адам уланған, оның 13-і балалар. Кәмелетке толмаған үш бала ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды.

Куәгерлердің айтуынша, бөлмеде кенет хлордың өткір иісі шығып, бассейндегі судың түсі өзгеріп, балалар тұншығып, есінен танып қалған. Ата-аналар балаларды алып шығуға асығып, жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға суды тазарту кезінде хлор реагенттерінің мөлшерлеуіндегі қате себеп болуы мүмкін. Аквапарк иесі техникалық ақаудың бар екенін растады. Оқиғадан кейін мекеме уақытша жабылып, прокуратура мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан тексерулер басталды.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: