Қазақстанда балалар енді қатарынан екі үйірмеге тегін бара алмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.
Ваучері бар балалар бұрынғы ереже бойынша бір спорттық және бір шығармашылық үйірмеге қатыса береді.
«Алайда пилоттық жоба аясында болашақта бұл мүмкіндікті алып тастау жоспарлануда. Ата-ана мен баланың тек бір ғана үйірмеге – не спорттық секцияға, не шығармашылық үйірмеге баруға мүмкіндігі болады. Мұны не үшін жасап жатырмыз? Балалар санын одан әрі арттыру үшін», – деді Жарасбаев.
Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша министрлік 250 мыңнан астам баланы қамтып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!