Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жалпыреспубликалық акция аясында Достық үйінде өңірлік Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен балаларға арналған көңілді кеш өтті.
Мерекелік шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы, облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, этномәдени бірлестіктің жетекшілері және ата-аналар мен әртүрлі жастағы балалар қатысты.
Балалар кеші фойеде сурет салу байқауынан басталды. Барлық балалар өздерінің көңіл-күйлерін салған суреттері арқылы бейнелеп берді. «Туған жерім» байқауына қатысқан балғындарға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастековтың ізгі тілекке толы құттықтау хаты мен сурет салуға арналған альбомдар табысталды.
Шара соңында балалар концерт залда қызықты мультфильм көрді. Сондай-ақ тәтті балмұздақ жеп, үйлеріне көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!