Жұма, 27 желтоқсан, 09:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар лагерін таңдай білу де маңызды

23.05.2023

1043 0

Бүгінгі күні Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалар бақылауында 9 балаларды сауықтыру ұйымы бар. Оның 7-уі мемлекеттік болса, 2-уі жеке. Аталған сауықтыру ұйымдарының 6-уы жыл бойы қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні 7 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды, олар: Арал ауданындағы «Қамбаш олимпиядалар және қосымша білім беру орталығы», Сырдария ауданындағы «Жалын», Жалағаш ауданындағы «Ақтерек», Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы», Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы», «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы», Қызылорда қаласындағы «Зерентай. «Қазалы ауданындағы «Шағала» жәнеҚызылорда қаласындағы «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-на қарасты «Арай-Санрайз» лагерлерінен жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әзірге өтініш түскен жоқ.

Биыл жаз айларында Қызылорда облысында 8 мыңнан астам бала өз денсаулығын жақсартып, спорттық және зияткерлік спартакиадаларға, көңілді жарыстарға қатысып, жазғы уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік алады. Балаларды сауықтыру ұйымдары 02 маусымнан бастап 7 ауысымнан балаларды қабылдайтын болады.

Өз аймағынан тыс жерлерге бара алмайтындар үшін аймақтамектеп жанынан күндізгі 288лагерь ұйымдастырылады.Мұнда жазғы маусымда90 мынға жуық оқушы қамтылады деп жоспарлануда.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен балалар арасында топтасқан тағамнан улану және инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында  қала сыртындағы және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту туралы тапсырмалар берілді. Сондай-ақ балаларды сауықтыру ұйымдарын 2023 жылғы жазғы маусымға сапалы дайындау, демалатын балалар арасында топтасқан тағамнан улану, жедел ішек т.б. аса қауіпті және паразитарлық инфекциялардың алдын алу мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынады.

          1.Лагерьдің дайындығын  25 мамырға дейін қамтамасыз  ету;

   2. Лагерь жұмысы басталар алдында  объектінің әкімшілігі ауыз су мен  су қоймаларына санитариялық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге және топырақты паразитологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізіп, хаттамаларын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына ұсыну;

3. Жазғы маусымда тұрақты түрде жұмыс жасайтын дәрігер – педиатр, тіс дәрігерін, тәжірибиелі мейірбике бөлуді, медициналық құрал-саймандар мен алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

4.  ҚР ДСМ 2022 жылғы 10 тамыздағы №ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру  және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 14-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органнан санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын уақытылы алу;

5. Лагерьге баратын оқушыларды ҚР ДСМ. 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген 079-е «Сауықтыру лагеріне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтамасымен» қабылдау;

6. Тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізу жөнінде білім бөлімі, денсаулық сақтау басқармалары мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен аудандық ведомствоаралық комиссия  құру;

  7. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес балалар арасында тағамнан уланудың  алдын алу мақсатында аккредиттелген зертханалармен келісім шарт арқылы ауысым сайын өндірістік бақылауды қамтамасыз ету;

  8. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктері мен қолды өңдеуге арналған дозаторлар және  асханаға рециркулятор  қондырғысын орнату;

  9. Сауықтыру науқаны алдында және әрбір ауысым аяқталған соң кемінде 2 күн лагерь ауласына, барлық үй-жайларға күрделі жинау жұмыстарын (жуу, залалсыздандыру заттарын қолданып) жүргізу;

         10. Сауықтыру науқаны алдында және ауысым сайын лагерь айналасын 500 метр радиуста іргелес аумақты қоқыстан, шөптен тазарту, үй және жабайы жануарлардан қорғаныш ретінде аумақты қоршау, лагерь ашылар алдында тосқауыл енін қоршау периметрі кемінде 300 м жасай отырып, тосқауылды (кенеге, шыбын-шіркейге, құрт-құмырсқаға) қарсы залалсыздандыру-зарарсыздандыру жұмыстарын сапалы, уақытылы жүргізу;

11. Респираторлық аурулар симптомдары бар және температурасы жоғары балалар анықталған жағдайда олардың заңды өкілдері (ата-аналары)келгенге дейін немесе жедел жәрдем келгенге дейін дереу изоляторға оқшаулау.

Құрметті ата-ана! Балаңыздың қауіпсіз демалысы үшін тынығу лагерін таңдаған кезде міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының бар болуына баса назар аудару қажеттігінің маңызын еске саламыз.

Динара ЖАНАБЕРГЕНОВА,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: