Дүйсенбі, 13 сәуiр, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26 (2238)
11.04.2026
PDF мұрағаты

Балалар лагерьлеріне 5 жылға лицензия алуға міндеттеледі

13.04.2026

45 0

фото ЖИ арқылы жасалған

Енді Қазақстандағы лагерьге бұрынғыдай бір жыл емес бес жыл мерзімге лицензия беріледі. Жаңа өзгеріс бірінші сәуірден бастап күшіне енді. Бірақ демалыс орындарына қоятын талап та күшейе түседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Асыл Түймебаев «24KZ» телеарнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Спикердің сөзінше, енді лагерь ғимараты жалға алынса, оны жалдау мерзімі 10 жылға дейін болуы шарт. 

«Ең бірінші талап – ғимараттың болуы немесе оның жалдау уақыты 10 жылға дейін болуы. Ол бізге тұрақтылықты көрсетеді. Екінші талап – басшылық немесе педагогтардың сапалық құрамы. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі, тамақтандыру бойынша талаптардан өтуі яғни санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің оң шешімі болуы деген сияқты талаптар қойылады. Жергілікті атқарушы органдар барлық жұмыстардың үйлестірілуіне жауап береді», – деді Асыл Түймебаев. 

Ресми дерек бойынша, қазір елде жыл бойы тұрақты жұмыс істейтін 17, маусымдық жұмыс істейтін 192 демалыс орны бар. Олардың барлығы әр жыл сайын маусым басталарда қайтадан тексерістен өтіп тұруы керек.

Министрлің мәліметінше, биыл жазда елдегі демалыс-сауықтыру орталықтарында 18 мыңға жуық бала демалысын өткізеді. Ал мектеп жанындағы лагерьлерде 2 млн 900 мыңға жуық бала демалады. Тағы жаңа 50 лагерь ашылмақшы.

Балалар лагерьлері лицензия талап ететіні жайлы жыл басында хабарланған еді. Бұл талаптар балалардың демалысы, оқуы және сауықтыруына қойылатын бірыңғай стандарттарды қамтиды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: