Дүйсенбі, 18 тамыз, 19:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

18.08.2025

46 0

Аймағымызда балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кешенді жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Тасымалдаушы», «Мотокөлік», «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тамыз айының 11-13 күндері өткен «Балабақша» іс-шарасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов мәлімдеді.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі. Әсіресе, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу – басты назарда. Осы мақсатта жыл басынан бері облыс көлемінде жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ағымдағы жылдың 11-13 тамыз күндері өткізілген «Балабақша» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің тәртібін арттыру болды. Іс-шара барысында балабақша басшыларымен кездесулер өткізіліп, көлік құралдарының техникалық жағдайына, жүргізушілердің құжаттарына бақылау күшейтілді. Нәтижесінде 305 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәрбиешілерге балаларды тек ересек адамдардан қабылдау және тапсыру мәселесін қатаң бақылауда ұстау ұсынылды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар облыстық Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында болып, алдағы уақытта да жалғасын таба береді, – деді Рауан Қырымұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: