Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балаларды өлтір дейді: Гүлмира Әбіқай өзіне жазған әйелдің жантүршігерлік хатын жариялады

15.10.2024

591 0

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай Семейдегі қоқыс жәшігінен табылған сәби туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол бұл туралы инстаграм парақшасына жариялады. Оның айтуынша, сәбиді өлтірген ананың өзі ме, әлде оны біреу итермелеген бе деген сауал тастады. 

Гүлмира Әбіқайға түрлі анадан қорқынышты хабарламалар келетінін де айтты. Балаларды өлтіріңдер деп айта береді деген ананың жазбасын жариялады. 

«Семейдегі сұмдықты да естідік. Жаңа туған 1 күндік шақалақты қоқыс жәшігіне салып өртеп жіберген. Денесінің 80% күйген періштенің ғұмыры тым қысқа екен. Реанимацияда көз жұмды.

Оны қасақана өлтірген кім? Туған анасы ма? Әйелді мұндай жағдайға жеткізген не? Қазір шақалақтың анасы іздестірілуде.

Мына хатты қараңыздаршы!

Әйел дабыл қағуда!», – деп тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманынан келген хатты жариялады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: