Балаларды тасымалдайтын көліктерге қатысты тексеру шаралары күнделікті ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат – тасымалдаушы көліктердің техникалық жай-күйін, жүргізушілердің жағдайын, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды тасымалдау ережелеріне сәйкестігін қадағалау.
Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдау қағидасын бұзу, оның ішінде 12 жасқа толмаған балаларды арнайы жабдықсыз, қауіпсіздік белдігінсіз тасымалдау бойынша бақылау шаралары қолға алынды. Әрбір балаға арнайы белдік тағып тасымалдануы, «Балалар» деген жазудың және арнайы сары жолақтардың болуы тексерілуде. Шара барысында тасымал ұйымдастырушы 10-ға жуық жекеменшік балабақша әкімшілігіне ҚР-ның ӘҚБтК 593-бабына сәйкес хаттама толтырылды.
Жыл басынан бері жекеменшік балабақшалардың көліктеріне жол ережесін бұзғаны үшін 519 әкімшілік хаттама толтырылса, 23 автокөлік мемлекеттік нөмірінен айырылды. 9 автокөлік айып тұрағына қойылып, 1 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша хаттама рәсімделді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!