Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Балалардың қауіпсіздігі маңызды

24.05.2024

304 0

Терезеден құлау фактісінің тіркелуіне басты себеп – балалардың қараусыз қалуы дейді мамандар. Сондықтан да сақтық шарасына бей-жай қарамау әр отбасының алдында тұрған жауапты міндет. Осыған сәйкес, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері “Терезе” профилактикалық шарасы аясында сол жағалауда орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  • Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілмеуі және балалардың терезенің алдында ойнауы тікелей себеп болып отыр. Сондықтан, құрметті тұрғындар, егер үйлеріңізде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмауларыңызды сұраймыз, – деді
    Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мұхтар Белсенбаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: