Сейсенбі, 15 шiлде, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Балалардың терезеден құлауын болдырмас үшін құрылыс нормативіне өзгеріс енуі мүмкін 

20.06.2025

335 0

Фото: tenginews.kz

Терезелердің 42%-да қауіпсіздік қоршаулары болмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұндай жағдайлардың жиілеуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік нормативке өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасап отыр. Өйткені, терезеден құлап мерт болғандардың дені – 7 жасқа дейінгі балалар. 

«Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселе үшін қатты алаңдайды. Себебі балалар аурудан емес, салғырттықтан көз жұмып жатыр. Көбіне 7 жасқа дейінгі балалар арасында осындай оқиғалар жиі тіркеледі. Сондықтан заңнамаға өзгерістер енгізіп, толықтай ашылатын терезелерге мүлдем тыйым салу керек. Құрылыс компаниялары тұрғын үйдің жоспарын бекіткенде және үй иелері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде терезе қорғанышын ескеруге міндеттелуі тиіс», – деп мәлімдеді ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: