Жұма, 27 желтоқсан, 11:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балаларға чип салуды ұсынған депутат дұшпандарын іздеуге кірісті

10.08.2023

567 0

Павлодарлық мәслихат депутаты Гүлжайна Дәрімова өзіне қарсы акциялар ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді. Қалада депутаттың атынан  үнпарақ таратылып, сауалнамалар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы  Ulysmedia.kz хабарлайды. 

“Жағалауда үнпарақтар таратылып жатыр. Мен халық үшін адал депутат болғым келді. Бірақ ондайлардың қажеті жоқ екен. Жерлестерім, өкінішке қарай, үміттеріңізді ақтамадым. Бәріңізді жақсы көремін», – деді депутат.

Ол өзіне қарсы акция ұйымдастырғандарды іздеп табуға уәде беріп, желідегі парақшасында үнпарақтарды басып шығарған баспахана туралы ақпарат үшін 100 мың теңге сыйақы жариялады. Ал өзіне қарсы науқанға тапсырыс берушіні тапқандарға бір миллион теңге беруге дайын. 

Бұған дейін павлодарлық депутат елімізде қылмыс жасайтын жасөспірімдерге чип салу керек екенін айтып, басы дауға қалған болатын

Ол Павлодарда буллингтің жиілеп кетуіне қатысты былай деді:

«Адамгершіліктен ада адамдарға тек чип қана емес, бір жеріне тағы бірдеңе салу керек. 100 рет айналдыру қажет. Кешке олардың үйде екенін тексеру керек. Егер жоқ болса, оларды бірден арнайы қабылдағышқа, интернатқа жіберу қажет», – деді депутат.

Біраз уақыттан кейін Дәрімова бұл сөздері үшін ақтала бастады.

«Мен қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратын, қоғам үшін қауіпті жасөспірімдерге. Әдеттегідей, сөзімнің өңін айналдырып, хайп жасайды. Бұл тек маған жазылған оқырмандарымның санын көбейте түседі», – деді ол.

Депутаттың әлеуметтік желідегі соңғы бірнеше жазбасы дау тудырып, оны сынға алушылар көбейді. Десе де, депутат ісі мен сөзінің дұрыстығына күмән келтірмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: