Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу – әрбір қоғам үшін аса маңызды және жауапты іс. Өйткені туған елге деген махаббат пен құрмет сезімі жүректен туындайды және осы арқылы ғана ұлттық бірлік пен мемлекеттің болашағы қамтамасыз етіледі.
Қазіргі заманғы өмірде патриотизм ұғымы кейде мәнінен ауытқып, кейбір жастар өздерінің тамыры мен тарихынан алшақтап бара жатқаны байқалады. Сондықтан әрбір ата-ана, ұстаз және қоғамның басқа да мүшелері балалардың бойына отаншылдық қасиеттерін терең сіңіру үшін бар күшін салуы керек. Бұл – ұрпақ сабақтастығын сақтап, елдің тәуелсіздігін бекемдейтін сөзсіз.
Мен өзімнің балалық шағымды ойлаймын. Теледидардан батырлар туралы фильм көріп, жүрегім елжірейтін еді. Қазір журналистика мамандығында оқығандықтан, Отанымның үнін, шындығын, рухын жеткізе алатын ұлтжанды журналист болу – басты мақсатым.
Жастар отаншылдықты жүрекпен сезінуі керек. Ұлттың болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сол себепті әр ата-ана мен ұстаздың міндеті ұлтына қызмет ететін жасөспірім тәрбиелеу. Егер әрбір бала өз елін сүйіп, оның тарихы мен мәдениетін құрметтесе, онда біздің мемлекетіміздің болашағы жарқын болады.
Қарақат Медетқызы,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Журналистика мамандығының 1-курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!