Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Баласы жол апатына түсті деген: курьер зейнеткерлерді алдап жинаған ақшаларын алып кеткен

15.08.2023

393 0

Астанада курьер зейнеткерлерді алдап жинаған ақшаларын алып кеткен. Ол қарияларға хабарласып, баласының жол апатына түскенін, және кінәсін жабу үшін ақша керек екенін айтып алдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

12 тамызда Степногор қаласының ішкі істер бөліміне алаяқтық туралы бірден үш арыз түсті. Барлық жағдайда зардап шеккендер 70 және 83 жастағы зейнеткерлер болған.Үш зейнеткер де бірдей схема бойынша алданып қалған.

Оларға белгісіз біреулер хабарласып, балаларының жол апатына ұшырағанын және кінәлі екенін айтқан. Содан кейін алаяқтар мәселені оң шешу үшін белгілі бір соманы сұраған. Үрейленген қариялардың екеуі бір миллион теңге, үшіншісі 1,2 миллион теңге жинаған қаражатын еш ойланбастан жіберген.

Зейнеткерлердің ақшасын курьер алып, кейін пайызын өзіне қалдырып, алаяқтарға аударған. Тергеу барысында анықталғандай, ол қылмыс жасап жатқанын түсінген кезде жұмыс берушіден ақшаны қайдан және қай уақытта алу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқау алған.

“Астана тұрғыны Степногорск қаласында тұратын алданған үш зейнеткердің ақшасын бір күнде алып үлгерген. Шабарман Астана қаласында тұрғылықты жерінде ұсталды. Үш факті бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Жеке басын анықтау барысында алданған зейнеткерлердің бірі өзін ұстай алмай, күдіктіні таяқпен ұрмақ болған. Алайда дер кезінде жеткен полицейлер оны тоқтатты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: