Қазір іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр. Алматылық жұп өз баласын сатпақшы болды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Ерлі-зайыптылар Өзбекстаннан келген. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр.
«Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген. Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.
Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық «STOP трафик» шарасы кезінде осындай 56 қылмыс анықталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!