Сенбі, 23 қараша, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балмұздақтан уланып қалмас үшін нені ескеру қажет?

15.08.2023

487 0

 Көктем-жаз мезгілдері басталды дегенше, үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қызметін бастайтыны  белгілі. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл тәттіге көпшілігіміз құмартып-ақ тұрамыз. Дегенмен, жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда уланып қалуыңыз әбден мүмкін.

           Қала көшелерінде сауда шатырларында фризерден жасалған балмұздақ сыртқы түрі бойынша тәбетті ашатын, балғын, сонымен қатар әдемі болып көрінеді. Бірақ бұл қауіпсіз бе? Көбінесе, көше сауда нүктелерінің кәсіпкерлері аппараттарды өңдемейді, сатушыларда медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан және жұмысқа рұқсат беруден өткен жеке медициналық кітапшалары болмайды, балмұздақты өткізу жуылмаған қолмен жүргізіледі, себебі қарапайым жағдайлар – су, жуғыш заттар қол астында жоқ, сатушыға дайын қоспаны әкеледі, әрі қарай көшедегі аппаратқа құйылады да бірнеше күн бойы ауыстырылмай сатылады.

Сауда объектілері (сауда нүктелері) эпидемиялық маңыздылығы елеусіз топқа жатады және ерекше тәртіп бойынша тексеруге жатпайды. Сатылатын өнімнің сапасына осы өнімді сататын кәсіпкер толығымен жауап береді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  жұмсақ балмұздақты дайындауға және сатуға қойылатын келесі санитариялық талапарды сақтауды ұсынады:

– балмұздақты жасауға қажетті құрғақ қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған ауыз су пайдалану қажет;

– қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды, сондықтан балмұздақ алдын ала дайындалмай, сатылар алдында дайындалу қажет;

– дайындау барысында шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді;

– нысанның қызметінің басталуы туралы хабарлама болуы тиіс;

– нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайлар, жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдармен қамтамасыз етілуі қажет;                                                     

– қызметкерлерң санитариялық киіммен қамтамасыз етіліп, медициналық тексерістен өткендігі туралы санитариялық кітапшалары болуы тиіс;

– жұмсақ балмұздақты тек дайындалған орында ғана сатуға жол беріледі;

– өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы қажет.

         Жұмсақ балмұздақ сатып аларда нысанның санитариялық жағдайы сізге ұнамаса немесе күдік туғызса, өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз жөн. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!

         Жұмсақ балмұздақты тұтынғаннан кейін денсаулығыңыз нашарлап, улану белгілері (асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, т.б.) пайда болған жағдайда, тез арада дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береміз.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: