Сейсенбі, 23 шiлде, 10:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

«Балшықпен араластырып салып жатыр»: тұрғындар армандап келген жолдарының сапасына наразы

04.08.2023

426 0

Жетісу облысының орталығындағы тұрғындар сапасыз жолға шағымданып жатыр. Жақында ғана басталған жол жөндеу жұмыстарын сапасыз деген талдықорғандықтар қала басшыларына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа ғасыр көшесінің тұрғындары жаңа жолды жылдар бойы армандап келген. Алайда мердігерлердің жолды сапасыз жөндеуіне куә болған қалалықтар, әлеуметтік желілерде өзінің шағымдарын айтып жатыр. Олардың сөзінше, асфальт төсеу барысында балшық қолданылып, заңға сәйкес технологиялар сақталынбаған. 

Жағдайдың мән-жайын жан-жақты анықтау үшін Stan.kz тілшісі Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшымен хабарласты. Қанат Хамитжановтың ақпаратына сүйенсек, көше құрылысы толықтай аяқталмаған.

«Жаңа ғасыр көшесінің Шахворостов және Тыныбаев көшесінің аралығын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жолдың ескі қабатын алу және қиыршық таспен негіздесемесін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін жаңа асфальт төсемесі салынатын болады. Мердігер ұйым «Марлен-А»  ЖШС», – дейді бөлім басшысы.https://t.me/stankznews/10134?embed=1

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: