Жұма, 10 қазан, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай ауданға келген қонақтар балық зауытында болды

10.10.2025

151 0

Биыл қасиетті ата кәсіптің берекесімен бой көтеріп, талай жанның табан ет, маңдай тері сіңген, дәстүрі мен тарихы жазылған Арал балық шаруашылығы өндірісінің құрылғанына 100 жыл.Сол ғасырлық торқалы белесті аудан жұртшылығы елеусіз қалдырмай, жоғары деңгейде атап өтуде. Мәні зор маңызды мерейтойдың құрметіне ұйымдастырылған шаралар легі алдымен қаладағы «Арал» СДО балық өңдеу зауытымен танысудан басталды.Балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай ауданға келген қонақтар балық зауытында болдыТеңіз төскейіндегі тағылымды шарада Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев, Қазақастан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С.Сермағамбетов, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының әкімі Н.Қызбергенов және Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері мен облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларынан, Ырғыз, Қазалы аудандарынан арнайы келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен балық шаруашылығы саласының мамандары болды.Балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай ауданға келген қонақтар балық зауытында болдыҚасиетті өңірге табан тіреген мәртебелі меймандар ең алдымен осы өндіріс ошағына барып, кәсіпорындағы қалыпты жұмыс ырғағымен танысты.
Өмірінің тең жартысын осы кәсіпке арнаған Әділбек Әйімбетов бүгінде берекелі кәсіптен бақ тауып, теңізбен бірге тыныстап келе жатқан жандар қатарында.
Уақыт алға озған сайын түрлі технологияның мүмкіндіктерімен қуатын еселеп келе жатқан кәсіпорын жылына 7000 тоннаға жуық балық өңдеуге қауқарлы. 50-ге жуық жұмысшысы бар серіктестік балық аулау, сақтау, өңдеу, сату жұмыстарымен айналысады. Ресейге тұздалған әрі кептірілген майда шабақ жібереді. Ал Польшаға тістіден филе дайындап, экспортқа шығарып отыр. Мұнан бөлек Нидерланды, Германия, Грузия және Қытай сынды алыс-жақын шет мемлекеттерге өнім жөнелтіп отырған кәсіпорын тәулігіне 16 тонна балықты мұздатуға, 4,8 тонна филе және стейк, 1,6 тонна балық фаршын шығаруда. Сондай-ақ балық өндіру, сақтау, өңдеу, сату сынды тұрақты жұмыс кестесі қалыптасқан.Балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай ауданға келген қонақтар балық зауытында болдыАталған өндіріс ошағының негізін қалаушы, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Ізбасарұлының айтуынша, зауыт бұрынғы «Аралрыбпромның» ізімен 2008 жылы құрылған. 2010 жылы алғашқы өнімі шығып, осы уақытқа дейін өнім көлемін бірнеше есеге арттырған. Теңіздегі 5 участок, қосымша көлдерден балық ауланып, дайындалған өнімді тұрақты түрде шет елдерге шығарып отыр. 2012 жылдан бері «Еурокод» белгісін алып, көрші мемлекеттерге жіберуде. Бұл кәсіпорынның Аралдық брэнд қалыптастыруда орны ерекше деп айтуға толық негіз бар.Балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай ауданға келген қонақтар балық зауытында болдыСондай-ақ, «Арал» СДО ЖШС қалдықсыз өнім шығаруға бет бұрған. Тазаланған балықтың қабыршағы мен ішкі құрылысы далада қалмайды. Олар әбден мұздатқышта қатырылып, Шымкенттегі жем дайындайтын арнайы кәсіпорынға жіберіледі. Балық сүйегінен дайындалған жем мал шаруашылығына өте қажет екені белгілі.
Қонақтар «Арал» СДО кәсіпорнын аралау барысында осы сынды мәліметтерге қанығып, балық өңдеуде жұмыс жасайтын түрлі цехтардың жұмысына куә болды.
Балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай ауданға келген қонақтар балық зауытында болдыТеңізді өлке десек, еске түсетіні алдымен балық. Осы арқылы Арал ауданы балық шаруашылығы кәсібі бойынша үдеден шығып келеді деуге болады. Осыдан бір ғасыр бұрын шаруашылықтың қарқын алып, түрлі бағытта дамуына мүмкіндік тудырған Арал балық шаруышалығы өндірісі тарихқа айналғанмен оның одаққа мәлім аты мыңжылдықтарға мұра болмақ.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: