Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балық және басқа да су жануарларын тасымалдау кезіндегі қойылатын талаптар

05.04.2024

644 0

Сурет:azattyq-ruhy.kz

Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын тасымалдау кезіндегі қойылатын талаптар (растайтын құжаттар)

1) Ветеринариялық анықтама (ҚР АШМ-нің 21.06.2015 жылғы №7-1/453 бұйрығымен Бекітілген).
2) Жүк құжат (ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 жылғы №1424 бұйрығының 2-қосымшасының 1-тарауында 2 тармағы 1 тармақшасында)
3) Нысан бойынша шот-фактура (ҚР Қаржы министрінің 22.04.2019 жылғы №370 бұйрығына 2-қосымшасына сәйкес. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 09.07.2004 жылғы №593 Заңының 27-бабында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтарымен міндеттері көрсетілген).

Балық аулауға заңды түрде рұқсаты бар аңшылар

     1) Рұқсат (балық шаруашылығы су айдындары және учаскелері);      
     2) Жолдама (бекітіліп берілген су айдындарында);
   3) Жеке басты куәландыратын құжат.

Балық аулауға тыйым салынған уақыт
«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы кезінде Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы
аралықта, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта және Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілген.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау

Бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.
Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

 Балық аулаудың кәсіпшілік емес құралдары

Қалқымалы қармақ
Шыбындық қармақ
Электр қармақтар және құрал – жабдықтар
Тастама қармақ
Изеулік қармақ
Воблерлер
Жерлица
Блесна (жылтырауық темір қармақ)
Мормышка
Троллдар
Су астыңда аулауға арналған мылтық

Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға мынадай шектеулер қойылады:

  1) Кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан көп емес;
  2) Жеке және заңды тұлғалар үшін жеке меншік құқығындағы кемелердің аспалы және статционарлық моторларының қуаты 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) көп емес;

Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексі

Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабында көрсетілген.

Қылмыстық кодексі
Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу ҚР ҚК-нің 335 бабында көрсетілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: