Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Банк тұтынушыларын қалай алдайды?

18.11.2022

2153 0

Елде базалық мөлшерлеме қанша көтерілсе де, пайызы жоғары болғанымен, несие алуға асық адамдар бәрібір табылады. Қымбатшылық қысып, тапқаны қажеттілігінен аспай қалған ондай азаматтарға қазір еш кінә таға алмайсың. Түрлі комиссиялар қосып, консультацияның өзін ақылы қылып жіберетін кейбір қаржы ұйымдарының осынау схемасымен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі күреседі. Мұндай заңсыздыққа жол бермес үшін агенттік қаржылық қызметтер кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шағымның көбі несиемен байланысты

Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін күшейту, оларға қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат беру. 2022 жылы Агенттіктің назары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарауға бағытталған. Осыған байланысты аталған саладағы қадағалау рәсімдері айтарлықтай өзгерген. Атап айтқанда, келіп түскен барлық өтініш бойынша талдамалы деректер жиналады. Соның негізінде қаржы қызметтерін тұтынушылар тап болатын нақты проблемаларды сәйкестендіру, сондай-ақ кемшіліктерді жою үшін жедел қадағалау шаралары қабылданады.

«Мәселен, 2022 жылдың 9 айында Агенттік жеке және заңды тұлғалардың 23 мың өтінішін қарады. Олардың 16,6 мыңы немесе 71%-ы банк секторына тиесілі. Банктер бойынша түскен өтініштердің жалпы санынан шамамен 66%-ы немесе 10,9 мың өтініш тұтынушылық қарыздармен байланысты. Агенттік келіп түскен барлық өтініштер бойынша құжаттық тексерулер жүргізді, оның қорытындысы бойынша жыл басынан бері нарық субъектілеріне жалпы сомасы 103,2 млн теңгеге 162 шара және 137 санкция қолданылды. Өткен жылдың осы кезеңінде жалпы сомасы 23,7 млн теңгеге 89 қадағалап ден қою шарасы, 52 санкция қолданылған», – дейді Агенттіктің өкілдері.

Банктерде бас пайдасын ойлайтындар бар…

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін артық шығындар тудыратын немесе олармен байланысты экономикалық пайданы шектейтін жосықсыз практикаларды анықтау үшін қаржы ұйымдарына тақырыптық тексерулер жүргізіледі.

«Биыл азаматтардың өтініштері негізінде қарыз алушыларға тұтынушылық кредиттер алу кезінде сақтандыру шарттарын «таңу», сондай-ақ микрокредит беру кезінде «жүктелген» қосымша кеңес беру қызметтерін сату, артық комиссиялар мен айыппұлдарды заңсыз алу жағдайлары анықталды», – деп хабарлайды Агенттік.

Мұндай жосықсыз практикаларды болдырмау үшін Агенттік 2022 жылғы маусымда банктік қарыз шартын жасасу талаптары мен тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер қабылдаған. Атап айтқанда:

  • Бір реттік несие беру кезінде қарыз алушыға кез келген сақтандыру ұйымында немесе несие беруші ұсынған үш сақтандыру ұйымының бірінде өз жауапкершілігін өз бетінше сақтандыру құқығы беріледі.
  • Әрбір таңдалған талаппен клиенттің келісуін жазбаша тіркеу міндетті талап болып бекітілді. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтер және айыпақы (айыппұлдар, өсімпұлдар) алу бойынша шектеулер туралы толық және анық ақпаратты ашуына қатысты түзетулер енгізу шаралары қабылданды.

Агенттік жұмысының маңызды бағыты тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзу тәуекелдерін болдырмау үшін заңнамалық қамтамасыз етуді күшейту. Ол үшін Агенттік қаржы нарығы секторлары бойынша азаматтардың өтініштерін жүйелі талдау негізінде тұтынушының әлеуметтік портретін қалыптастырады. Жаппай тұтынушы барынша ұшырайтын тәуекелдерді айқындап, қажетті заңнамалық бастамаларды әзірлейді.

Ипотека алатын азаматтардың құқығы тең қорғалмайтыны анықталған

 Қарыз алушылардың құқығын күшейту үшін 2021 жылы банктердің және микроқаржы ұйымдарында азаматтардың мерзімі өткен берешегін сотқа дейінгі реттеудің бірыңғай тәртібін енгізуді, қарыз алушылардың борыш жүктемесін шектеуді, кепілсіз тұтынушылық қарыздар мен микрокредиттер бойынша азаматтардың мерзімі өткен берешегінің өсуіне жол бермеуді, берешекті өндіріп алу кезінде ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын күшейтуді көздейтін заңнамалық түзетулер блогы қабылданған.

Азаматтардың ипотекалық қарызы бойынша берешекті өндіріп алу мәселелерінде борышкерлер мен кредиторлар құқықтарының теңгерімсіздігі байқалған. Оны жою шеңберінде ипотекалық қарыз алушылардың құқықтары: қарыз алушылардың кепілді үш ай мерзімде дербес сот арқылы не соттан тыс сату құқығын белгілеу, кепілдің сату бағасын бастапқы бағалау құнынан 50%-дан 75%-ға дейін арттыру; кредитордың, оның қызметкерлерінің және үлестес тұлғалардың сауда-саттыққа қатысуына тыйымды енгізу арқылы заң жүзінде күшейтілген.

Қадағалау күшейеді

Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қадағалау қызметін жетілдіру бойынша басым бағыттарды әзірлеген. Қаржы нарығына қатысушылардың тұтынушылармен жұмыс істеудің іс-қимыл (этикалық) стандарттарын сақтауына негізделген тәуекелге бағдарланған қадағалау моделін енгізу басты мәселе болып саналады.

«Тәуекелге бағдарланған қадағалаудың негізгі элементі – қаржы ұйымының іс-қимыл тәуекел-бейінін қалыптастыру. Оның деңгейі бастапқы кезеңдерде тұтынушылар үшін тәуекелдердің алдын алу үшін қадағалау шараларын қабылдауға, қаржы ұйымының клиенттермен өзара іс-қимылының сапасы мен рәсімдерін жақсартуға мүмкіндік береді», – делінген Агенттік хабарламасында.

Іс-қимыл тәуекел-бейінін бағалау үшін Агенттік реттеушінің назарын ықтимал заңбұзушылықтардың ең жоғары тәуекелдері анықталған қаржы ұйымдары қызметінің салаларына аударуға мүмкіндік беретін арнайы әдіснама әзірлеген.

Шағым неге көп?

Бүгінгі күні тұтынушылардың өтініштері санының өсуіне себеп болатын факторлардың бірі сатып алынған өнімнің тұтынушының қажеттіліктері мен сипаттамаларына (оның ішінде кіріс деңгейіне, тәжірибесіне, қаржылық сауаттылығына және т.б.) сәйкес келмеуі, сондай-ақ даулы жағдайды реттеу үшін қаржы ұйымдары арасындағы олардың клиенттерінің өзара іс-қимыл арналарының шектеулілігі. Ол үшін Агенттік қаржы өнімнің өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін: өнімді әзірлеу мен жылжытудан бастап сынақ сатылымдарына (тестілеуге) және тиімділікті талдауға дейін тексеруді көздейтін қаржылық өнімдердің қашықтан мониторингі жүйесін әзірледі. Бұл шара тұтынушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұсынылатын қаржы өнімдерін дербестендіруге, оларға белгілі бір клиенттер ұшырауы мүмкін тәуекелдерді реттеу процестері мен рәсімдерін бейімдеуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: