Сенбі, 16 қараша, 05:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Банкротқа ұшырағаныңызды рәсімдегіңіз келсе, 70 мың теңге төлейсіз

13.01.2023

1256 0

Сурет: BAQ.KZ

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіруге арналған семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Айтуынша, сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады. 

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады. Атап айтқанда: заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, аудиторлар. Олардың қызметі ақылы, ол айына ең төменгі жалақы – 70 мың теңгені құрайды. Ол борышкердің мүлкі есебінен төленуі тиіс. Мүлкі жоқ әлеуметтік осал топ өкілдері үшін бұл қызметтің ақысын мемлекет төлейді, – деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар вице-министр үшінші рәсімге тоқталды. 

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін 5 жылға дейін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.  Сауықтыру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленіп, сот арқылы бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды. Сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды, – деді Ержан Біржанов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: