Жұма, 17 қаңтар, 15:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Банктер жаңаша жұмыс істейді

17.01.2025

82 0

Сурет: unian.net

Ұлттық банк еліміздің төлем жүйе­лері, екінші деңгейлі банк­тер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабар­ламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына сәтті кө­ші­­ріл­генін хабарлады. Жаңа стан­дартты ескере отырып жаң­ғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйе­лері 2025 жылғы 13 қаңтар­дан бастап жаңа форматта іске қосылды деп жазады egemen.kz.

Банктер клиенттің төлем тапсырмаларын ақпараттық жүйелердің жұмыс кес­те­сіне сәйкес әдеттегі режімде, еш шек­теу­­сіз және кідіріссіз қабылдап жатыр. Жаңа стандарт төлемдерді өңдеу ісін ав­томаттандыруға, сондай-ақ есеп айы­ры­судағы жылдамдық пен қауіп­сіздік­ті арттыруға ықпал етеді. ISO 20022 стандар­тының ерекшелігі – төлем немесе мәміле тура­лы қосымша мәліметтерді беру мүм­кін­дігінде. Бұл сәйкестендіру үдерісін жеңіл­детіп, қателіктерді азайтады және клиент­ке көрсетілетін қызмет сапасын арттырады.

«ISO 20022 стандарты қолданылғанда осы әдістемені пайдаланатын әртүрлі ақпараттық және төлем жүйелері арасында жаһандық үйлесімділік қамтамасыз етіледі. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқылардың бірі болып халықаралық стандартты пайдаланатын мемлекеттердің қатарына кірді. Енді Еуропалық Одақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен бірге трансшекаралық төлемдерді жеңілдетіп, халықаралық сауда-саттықтың дамуына ықпал етеді», делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

ISO 20022 стандартының енгізілуі қаржы институты мен тұтынушы арасын­дағы өзара әрекеттесудің тиімділігін арттырып қана қоймай, қаржы нарығындағы технологиялық өзгерістерге бірыңғай ереже мен рәсімдер негізінде тез бейімделуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: