Жұма, 27 желтоқсан, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

БАҚ туралы заң жобасы қоғам талқылауына ұсынылды

11.01.2023

738 0

Сурет ашық дереккөзден

Ашық НҚА» порталында «Масс-медиа туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттағы БАҚ өкілдері үшін жағымды тұстың бірі – журналистер жолдаған жауапқа мемлекеттік органдардың жауап беру мерзімін қысқарту көзделген. Қолданыстағы нормада ол 7 күн болса, ұсынылған құжатта 5 күн деп көрсетілген.

Сондай-ақ әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы ақпарат тарататын ресурстарды БАҚ ретінде тіркеудің тәртіптері жаңаруы мүмкін.

Бұдан бөлек, мемлекеттің ақпарат саясатын гранттар арқылы қаржыландыру ұсынылған.

«Қолданыстағы Заң 1999 жылы әзірленген және онда бекітілген бірқатар анықтамалар өзектілігін жоғалтты. Ұсынылып отырған жаңалықтар енгізілген құқықтық қатынастардың қандай да бір түрлерін реттеу нысанасын толық көлемде көрсетуге мүмкіндік беретін «мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы», «мемлекеттік ақпараттық саясат», «масс-медиа», «грант», «субсидия», «корреспонденттік пункт», «Журналистердің құқықтары туралы Ұлттық баяндама» сияқты жаңа ұғымдарды енгізуді талап етеді», – деп жазылған заң жобасының тұжырымдамасында.

Сонымен қатар:

– интернет желісінің жаппай дамуымен журналистер жариялаған ақпарат іс жүзінде шектеусіз мерзімге сақтау;

– журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру жөніндегі норманы ішінара қылмыссыздандыру;

– пандемия және төтенше жағдай режимін енгізу кезеңінде журналистер дәрігерлермен, полицейлермен және құтқарушылармен тең дәрежеде өздерінің кәсіби борышын өтеу барысында журналистер қызметін ерекше жағдайларда құқықтық реттеу;

– журналистердің құқығын сақтауды мониторингілеу мен талдаудың заңнамалық тетіктерін бекіту;

– журналист миссиясын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін жеңілдіктер мен кепілдіктерді қорғаудың және ұсынудың пәрменді тетіктерімен қамтамасыз ету ұсынылады.

Құжат 27 қаңтарға дейін көпшілік талқылауына ұсынылады. Жобаның мәтінімен және қоса берілген тұжырымдамен мына жерден танысуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: