Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бақыт туын көтерген балалардың күні бұл!

30.05.2023

1159 0

1-маусымХалықаралық балаларды қорғау күніБалаларды қорғау дегеніміз –  әрбір сәбидің тыныштығын қорғаутәтті ұйқысын бұзбауалаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні гүл.

Бақыт туын көтерген,

Балалардың күні бұл.

«Бала – адамның бауыр еті» деп қазақ тегін айтпаған. Баланы күнәсіз періштеге балаған ұлтымыз оған түрлі сый-сияпат жасап, ерекше көңіл бөліп, бүлдіршінге қуаныш сыйлауға асығады. «жерде бала қуанса, көктегі мың періште шаттанады» дейді біздің қазекең. Осы бір адамзаттың кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді туындысындай балақайлардың қуанышын еселейтін 1 маусым балаларды қорғау күнінің орны ерекше. Бұл күн – бүкіл дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Ресми деректерге жүгінсек, Қазақстанда балалар құқығын қорғау конвенциясы 1994 жылы қабылданды. Олардың басты талабы – елдегі балалар құқығын қорғау жүйесінің негізіне айналды. Республикада балалардың құқығын барлық деңгейде қорғайтын арнайы заң қабылданды. ҚР Конституциясына 27 бабына  сәйкес  отбасы және балалар мемлекет қорғауында болады.

«ҚР Балалар құқығы туралы» заңында балалардың өмірін және денсаулығын қорғау, олардың ар-ожданына қол сұқпау, қажетті өмір сүру деңгейі, білім алу, балалардың мүліктік құқығы, мемлекеттік көмек және демалыс, бос уақытын өткізу сынды құқықтары бекітілген. ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексінде кәмелет жасына толмаған балалардың құқығын қорғау баптары енгізілген. Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі жанынан Балалар құқығын қорғау комитеті құрылған.  Балаларда 1 маусым  ересектер ұйымдастырған түрлі мерекелік іс-шараға қатысудан басталады. Бұл күн жазғы демалыстың басталуы, демалу, өзіне ұнайтын іспен айналысу кезеңімен ерекшеленеді. Барлық оқу орнында бұл күні ертеңгілік, мәдени шара ұйымдастырылады. Ал әлеуметтік әлсіз топ балаларына бұл күні қайырымдылық шарасы өткізіліп, сый-сыяпат таратылады. Табиғаттың ерекше тіршілік иесі балалар осы күні үлкендер ұйымдастырған театрдағы балалар тақырыбына орай өтетін қойылымға, киноға, паркке барып, онда түрлі аттракционға мінеді. Елімізде балақайларға арнап осы күні тәттілер пісіру дәстүрге айналған. Ата-аналары бұл күні балаларға көптен бері уәде беріп жүрген дүниеңізді жасауға болады. Балдай тәтті қылықты бөбектерге естен кетпес жылы естелік қалдыруға әбден қолайлы күн. Бұл күн балалар үшін көптеген сыйлық алып, жақындарының айрықша махаббатына бөленуімен ерекшеленеді.

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата- ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе  бал бұлақтай жалғайтын.

Ақынның жырына арқау болған, күллі адамзат баласының мейіріміне бөленетін естен кетпес ерекше күн балалар мерекесі құтты болсын! Бейбіт аспан астында, ата-анасының қасында балалар шат күлкі мен қуанышқа бөлене берсін!

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: