Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдануда

25.06.2022

1007 0

Талайдың баспаналы болуына мүмкіндік жа­сай­тын «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау 20 маусымнан басталып кетті.

Жеңілдетілген несие жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен беріледі. «Отбасы банктің» баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өтініш 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады. Қатысу үшін otbasybank.kz платформасына өтінім қалдыру керек. Жеңілдетілген ипотекаға үй кезегінде тұрған мына азаматтар санаты қатыса алады:  

• көпбалалы отбасы;

• мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

• толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

«2022 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам отбасыға несие беруді жос­парлап отырмыз. Қазірдің өзінде Отбасы банкіне 51 млрд теңге қаражат түсті. Биыл лимиттерді бағдарламаға қатысушылар арасында бөлу кезінде басымдық был­тырғыдай мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі», – дейді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Ал енді нақты талаптарына келсек. Осы бағдарлама бойынша несие ала алатын азаматтардың санатына жа­татын болсаңыз, ендігі кезекте шарттарын тізейік. Бас­тапқы жарна – ипотека сомасының 10 пайызына тең, жыл­дық мөлшерлеме – 2 пайыз, несие мерзімі 20 жылға дейін. Бағдарлама қатысушыларын іріктегенде өтініш бергендердің табысы ескеріледі. Яғни соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Бұл дегеніміз биылғы күнкөріс деңгейі 37389 теңге болса, демек бір отбасы мүшесінен шаққандағы табыс 115905 теңгеден аспауы керек. Осы бағдарлама шеңберінде жер­гі­лікті әкімдік арқылы салынған несиелік тұрғын үйді, жаңа және қолданыстағы пәтерлерді, сондай-ақ жер үй сатып алуға мүмкіндік бар. Несие сомасына байланысты шек­теу әр өңірде әр түрлі. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы және қала маңы аудандарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында несиенің ең жоғарғы сомасы – 15 млн теңге. Ал қалған өңірлерде ең көп дегенде 10 млн теңгеге несие рәсім­­деуге болады. Өтініш беруші өзі баспана кезегінде тұрған өңірден ғана үй сатып ала алады. Сондай-ақ қаты­су­шының «Отбасы банк» клиенті болуы да маңызды талап.

Бір баспанаға мұқтаж отбасылардың арманын орын­дайтын бағдарлама аясында әлі талай отбасы қоныс тойын тойлайтыны сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: