Жексенбі, 24 қараша, 13:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бар қуаныш балаларға!

01.06.2023

377 0

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша жастар ісі секторының ұйытқы болуымен Жастар ресурстық орталығы ерекше балаларға мерекелік тосын сый жасады.

«Қуанса, бала қуансын» дейміз. Бұл елеулі күн барлық балалар асыға күтетін, балғын бүлдіршіндердің ең қуанышты әрі басты мерекелерінің бірі. Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде мейірім мен қамқорлыққа мұқтаж, әрдайым жақындарының жылуын қажет ететін мүгедектігі бар балаларды қуанту – біздің басты миссиямыз болды. Олардың жайнаған жүзін көріп, күміс күлкісін естіп, бақытты шағын тамашалағаннан артық не бар?

Орталық қызметкерлері балалардың аниматорлар бейнесінде көңілдерін көтеріп, бірге билеп, түрлі ойындар ойнатты. Құрастырғыш ойыншық, тәттілерден сыйлық ұсынып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Сәйкесінше, ата-аналар бұл бастамаға алғыстарын жаудырып, ақ дастарханнан дәм ұсынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: