Бейсенбі, 26 желтоқсан, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бас имам әйеліне қорлық көрсеткен

28.02.2024

1171 0

Сурет: el.kz

 Жеті баланың анасы үй қамақта отырғанын айтты. Оқиға Түркістан облысында орын алған – деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Гауһар Жұмаділләның күйеуі Түркістан облысы, Темір ауылында бас имам қызметін атқарады.

2010 жылы шаңырақ көтердік. Бір аптаның ішінде танысып, асығыс үйлендік. Екінші тұрмысым. Ажырасып, оқуда жүрдім. Бірінші некеде балам шетінеп, ажырасып кеттім, – деді ол.

Қазір күйеуі тіпті төркінімен араластырмай, туғандарынан алыстатып жіберген.

Мен тіпті ауруханаға өзім бара алмаймын. Өзі апарады. бала туғанда да тексерілуге баруға жібермейді, – деп шағымданды әйел.

Аурухана қызметкерлері де оның сөзін растап отыр. Аяғы ауыр кезінде мүлде тексерістен өтпеген. Балаларын да тексеруге апармаған.

Қазіргі уақытта Гауһар үйді балаларына беріп, күйеуімен ажырасқысы келетінін айтты. Үй қамақта отырған ол күйеуі аяусыз соққыға жығатынын мәлімдеді. Балалар да әкесінен оңбай таяқ жейтін көрінеді. Белдікпен, телефон қуаттағыштың шнурымен, киім ілгішпен әйелін сабайды екен. Тіпті әйелін «сенің жүрегіңе пышақ тығып өлтіремін» деп бопсалаған. Ол күйеуінің атынан арыз жазбаған, шағымданбаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: