Облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді.
Соның нәтижесінде шаһардағы көшелер кеңіп, жол сапасы артты. Қала орталығымен қатар кент, ауылдық округтер және шет аймақтардағы жолдардың да жағдайы назардан тыс қалып жатқан жоқ. Солардың бірі ретінде Сұлтан Бейбарыс пен Мұстафа Шоқай көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын атауға болады. Аталған учаскелерде мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС жолшылары табысты істі жандандыруда. Олар жергілікті асфальт-бетон өнімдерін пайдалана отырып, жол сапасын сақтауға барынша мән беруде. Мұндағы учаске басшысы Марат Серкешбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!