Бас жоспар кез келген қала үшін үлкен маңызға ие. Бұл құжат биыл Алматы қаласының «Казгипроград 1» Жобалау институты» ЖШС арқылы әзірленіп, оған құзырлы мекемелерден келісім алу жұмыстары жүргізілуде.
Бірінші кезең нәтижесімен жобаның Концепциясы қабылданды. Ал, екінші кезеңде қаладағы 20 768,0 гектар аумақтың топографиялық түсірілімі жасалып, графикалық материалдары, түсіндірме жазбалары әзірленді. Сөйтіп жоба құзырлы мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және топографиялық түсірілімі «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қарауына ұсынылды.
Қазіргі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстық басқармалар, қалалық бөлімдер, қоғамдық кеңес мүшелері, сәулет саласының ардагерлері және коммуналдық мекемелердің қатысуымен Бас жоспар қоғамдық талқылаудан өтуде. Мұнан бөлек, құжатқа байланысты азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Бұл тыңдаулар Бас жоспарды жобалаудың сапасын арттыруды көздейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
