Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Баспаналы болуға тағы мүмкіндік

09.01.2023

715 0

Қызылорда облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясында Қызылорда облысының жастарына арналған “Сыр жастары” жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасының алдын ала талқылауы өткізілді.

Облыстық мәслихат депутаты Г.Есқалиеваның төрағалығымен өткен комиссия отырысында жастарға арналған бағдарламаның ережесі мен талаптары таныстырылды. Бағдарлама облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың “Облыстық жастар форумында” берген тапсырмасына сәйкес жасалып, ұсынылды.

“Сыр жастары” бағдарламасына 18-35 жас аралығындағы Қызылорда облысында соңғы 2 жылда тіркеуде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Жеңілдетілген несие 19 жылға 5% үстемемен “Отбасы банк” арқылы беріледі, қатысушының банкте үйдің бағасының 10% құрайтын салымы болса болғаны. Бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика саласының мамандары, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, ғылыми қызметкерлер, ұлттық холдингтердің жергілікті филиалдарының, екінші деңгейлі банк қызметкерлері, құрылыс, қоғамдық тамақтану және басқа да қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлер қатыса алады. Жолдама беру балдық жүйемен жүзеге асырылады.Аймақта кезекте тұрған 7 жарым мыңға жуық жастар бар екенін ескерсек, алдағы уақытта бағдарлама арқылы берілетін үйлердің жас отбасыларға ерекше қуаныш сыйлайтыны анық. Тұрақты комиссия мүшелері сұрақтар қойып, бағдарламаға енгізілуі қажетті деп санаған ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта бағдарлама жобасы бірлескен отырыста қаралып, облыстық мәслихат сессиясына шығарылатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: